Көлікке қолдан жасалған жарылғыш құрал қойылғаны белгілі болды.
Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қызметкерлер жеңіл жарақат алған. РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова қазіргі уақытта елшілік персоналын қорғау үшін қолдан келгенше шара жүргізіліп жатыр.Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы мәліметінде Мәскеу оқиғаны мұқият тергеуді талап ететіні айтылады.Терроризм актісі ресейлік азаматтарға қатысты емес, ауған қауіпсіздік күштеріне бағытталған болуы мүмкін екені айтылады. Жергілікті әскерилер мінген пикап ресейлік дипломатиялық көлігінің алдында жүріп келе жатқан.