Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуына қойылған шектеу шарасын бұзғаны үшін ер адамды көптің алдында атып тастады. Бұл туралы Radio Free Asia басылымы хабарлады.
Ату жазасына кесілген адам жасы 50 шамасындағы ер адам болып шықты. Олар 2020 жылы көп уақыт жабық болған шекара арқылы қытайлық іскер серіктестерімен кантрабанда ұйымдастырғаны үшін айыпталған."Қарашаның соңынан бері Орталық комитет [Корея жұмыс партиясы] төтенше карантин шараларын күшейтті", — дейді Қытаймен шектесетін Солтүстік Пхёнан (Пхёнан-Пукто) провинциясының тұрғыны.
"Олар көпшілік алдында жұртты қорқыту үшін карантинді бұзған адамды атып өлтірді, бұл шекті аймақта халықты қорқыту үшін жасалды. Өйткені шекараның басқа жағында адамдар көп араласады, контрабанда көп", — дейді дереккөз.