Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барғанын жазды.   https://www.facebook.com/100003403233694/videos/2577049289085154/   «Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған» делінген хабарламада. Сонымен қатар Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшысымен кездесу өткізеді деп жоспарланған.