Шымкентте өртенген үйде қайтыс болған адамның өліміне не себеп болған?

Шымкентте өртенген үйде қайтыс болған адамның өліміне не себеп болған?

Бірақ өртті сөндірген бойда брифинг өткізген Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері: «Марқұм өрттен емес, кісі қолынан өлген болуы мүмкін», – дейді.

Себебі, өрттен бұрын оны ұрып-соққан деген болжам бар.

Шымкент қаласы ТЖД басқарма бастығы Бауыржан Ізбасаров: «Өрт сөндірген кезде 46 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Полицейлердің сөзінше, мәйітте зорлық белгілері бар. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өлімнің нақты себебі қорытынды шыққан соң белгілі болады», ­– деді.

Өрт шыққан пәтердің тұрғыны мазасыз болған екен. Көршілерінің айтуынша, жиі жанжал болатын үйде сол күні электр жарығы болмай, балауыз шам жанып тұрған. От шамнан тұтануы мүмкін. Өрт әп-сәтте екі пәтерді күлге айналдырды. Соның кесірінен баспанасынан да, құжатынан да айырылған көрші пәтердің тұрғындары далада қалды. https://youtu.be/XJzS3MOEVgc