Ғалымдар жақындап қалған адам өлімінің 6 белгісін атады. Бұл жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларымен байланысты болып шықты, деп жазады News-fancy.com.
Мамандар осы өлім белгілерінің бірнешеуі кездессе, бірден дәрігерге қаралуға кеңес береді. Біріншісі - жүрек соғысының жиілеуі. Екінші орында қарапайым қозғалыстан кейін пайда болатын әлсіздік. Түнгі жөтел мен қорылдау да ағза жұмысында ауытқу бар екенін көрсетеді. Өкпеде ісік пайда болуы мүмкін. Егер қол мен аяқ ісіп кетсе, бүйрек ауырады деген сөз. Бұдан кейін көп өмір сүрмейтініңізді түсінген жөн. Қан айналымының бұзылуы ас қорыту кезінде қиындық тудырады. Соңғы белгі - өмір сүруге кедергі келтіретін демігу болып отыр.Егер осы белгілер кенеттен пайда болып, жоғалмаса, дәрігерге қаралған жөн, әйтпесе ауру асқынып, өлім тудырады.