Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс алдағы 4-6 айдың адамзат үшін өте қауіпті болатынын айтты, - деп хабарлады CNN.
Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 4-6 ай коронавирус пандемиясындағы ең қауіпті кезең.Ол АҚШ коронавирустың жаңа түрімен күресті қазіргіден жақсы жүргізетініне үміттенетінін айтты. Оның айуынша, әлем қалыпты өмірге 2021 жылдың жазында оралуы мүмкін.«Өкінішке орай, алдағы 4-6 ай өте қауіпті болуы мүмкін. Денсаулық көрсеткіштерін бағалау институтының болжамы бойынша қосымша 200 000 астам адам өлімі болады. Егер біз маска тағу режимін сақтаған жағдайда осынша өлімнің алдын алатын едік», – деді Билл Гейтс.