Дүйсенбі күні Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте коронавируспен күрес бойынша жаңа шаралардың енгізілуіне байланысты ел тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Германиядан кейін Нидерланд үкіметі биылғы жылдың 15 желтоқсанынан бастап «күшейтілген локдаун» енгізеді. Атап айтқанда, азық-түлік, мәдени және қоғамдық мекемелерді қоспағанда, дүкендер жұмысын тоқтатады. Сонымен қатар, Нидерланд премьер-министрі кем дегенде 2021 жылдың наурыз айының ортасына дейін тұрғындарды шетелге сапар жоспарламауға шақырды.
«Нидерландқа Еуроодақ пен Шенген аймағына кірмейтін мемлекеттерден келген азаматтар коронавирус инфекциясының теріс нәтижесі бар тест ұсынуы керек», - деді үкімет басшысы.Бұл талап Нидерланд азаматтарына, ЕО-ның басқа азаматтарына және олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.