Отандық өндіріске қолдау бар

Отандық өндіріске қолдау бар

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту – бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару. Басты мақсат – халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру.

Индустрия және инф­ра­құ­ры­лымдық даму министрлігінің мә­ліметінше, бүгінде өнеркәсіп тауар­ларының шамамен 82 пайы­зы, азық-түлік өнімдерінің 35 пайызы, ауыл шаруашылығы өнім­дерінің 23 пайызы импорт­тық тауарларға тиесілі. Ал Ұлт­тық экономика министрлігі Ұлт­тық банк және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, эко­но­ми­ка­ның нарық секторын қар­жы­лан­ды­руға арналған кешенді бағ­дар­ламаны әзірлеуге кірісті. 2018 жылғы 11 желтоқсанда Үкі­­­меттің қаулысымен им­порт­тық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жергілікті өнім­дермен алмастыру мақса­тын­да жеңілдетілген несиелен­діру­ді қолға алатын «Қарапайым зат­тар экономикасы» бағдар­ла­ма­сы қабылданған болатын. Со­нымен қатар басым жоба­лар­ды несиелендіруге арналған тауар­лардың тізімі бекітілді. Ай­та кету керек, несиелендіру осы тізімнен кем дегенде бір өнім шығарылған жағдайда жү­зе­ге асырылады.

Тауарлар тізімі импорт кө­лемі 5 млн АҚШ долларынан ар­тық; шикізаттың қолжетім­ді­лігі; біліктіліктердің, техноло­гия­лардың болуы; артық өндіру­дің болмауы; сапаны бағалау мүм­кіндігі болуына сәйкес ірік­теліп отыр.

Осы аралықта жеке кәсіп­кер­­лікті қолдау үшін респуб­ли­ка­лық бюджеттен 600 млрд теңге бө­лінді. Оның 400 млрд теңгесі – өңдеу өнеркәсібі мен қызмет­тер­ді ынталандыруға, 100 млрд теңге – агроөнеркәсіптік кешен­де қайта өңдеуге, тағы 100 млрд тең­ге агроөнеркәсіптік кешен­де­гі өндіріске бағытталды. Қара­жат 60 млрд теңгеден кем емес жарғылық капиталы бар банктердің облигацияларын са­тып алу арқылы жеңілдік, ақы­лы және қайтарым шарттарымен беріледі. Бағдарлама аясында мем­лекет банктер арқылы банк­тік қарыз бойынша пайыздық мөл­шерлемесін субсидиялайды. Не­сиенің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 пайызды құрайды. Суб­сидиялаудың номиналды сыйақы мөлшерлемесі 9 пайызға дейін ғана. Субсидиялау мерзімі инвестициялар үшін 7 жыл және айналым қаражатын толық­тыру­ға – 3 жыл. Кәсіпкер жеңіл­де­тілген несиені «Қарапайым зат­тар экономикасы» бағдарла­ма­сының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда ғана ала алады. Аталған жобаның іске асырылуына және бизнестің бел­сенді тартылуына мони­то­ринг жүргізу мақсатында «Ата­ме­кен» ҰКП негізінде мемле­кет­тік органдардың, өңірлердің жә­не даму институттарының қа­тысуымен «Қарапайым заттар эко­номикасы» салаларын да­мыту бойынша жобалық кеңсе жұ­мыс істейді. Кеңсе бағдарла­ма­ны жүзеге асыруға жәрдемде­су, кәсіпкерлердің инвестиция­лық белсенділігін ынталандыру және қолайлы құқықтық, эко­но­микалық және әлеуметтік жағ­дайлар жасауға негізделген. Со­нымен қатар жобаларды биз­нес-жоспар әзірлеу кезеңінен бас­тап қаржыландыруға дейін сүйе­мелдейді, мониторинг жүр­гізе­ді, банктердің несие беруден бас тарту себептерін анықтайды және оларды қолдаудың жаңа те­тіктерін ұсынады. Кеңсе жұ­мы­сына «Атамекеннен» басқа «Қа­зақстандық индустрияны да­мыту институты» АҚ, Қазақ­стан қаржыгерлерінің қауым­дас­тығы және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысады. Ұлттық эконо­ми­ка министрлігінде екінші дең­гей­лі банктер несиені мақұлда­ған жағдайда және жобалар бағ­дарлама шарттарына сай кел­генде өз ісін бастаған кәсіп­кер­лер мен «Қарапайым заттар эко­номикасы» бағдар­лама­сы­ның қатысушылары бола алады. Басымдығы жоғары жобаларды не­сиелендіру үшін белгіленген тауар­лар тізіміне сәйкес эко­но­миканың басым секторларында іске асырылып жатқан кәсіпкер­лер­дің жобалары несиелендірі­ле­ді. Мамандардың айтуынша, «Қа­рапайым заттар эконо­ми­ка­сы» бағдарламасына «Қазақстан ха­лық банкі», «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк Центр Кредит», «АТФ Банк», «Форте Банк», «Еур­а­зия­лық» банк, «Нұр банк» секілді екінші дең­гейлі банктердің қатысуға мүм­кіндіктері бар.


Осы аралықта жеке кәсіп­кер­­лікті қолдау үшін респуб­ли­ка­лық бюджеттен 600 млрд теңге бө­лінді. Оның 400 млрд теңгесі – өңдеу өнеркәсібі мен қызмет­тер­ді ынталандыруға, 100 млрд теңге – агроөнеркәсіптік кешен­де қайта өңдеуге, тағы 100 млрд тең­ге агроө­неркәсіптік кешен­де­гі өндіріске бағытталды. Қара­жат 60 млрд теңгеден кем емес жарғылық капиталы бар банктердің облигацияларын са­тып алу арқылы жеңілдік, ақы­лы және қайтарым шарттарымен беріледі. 


Айта кету керек, жеңілдікпен не­сиелендіру өзгерістерінің бі­рінші пакеті бағдарламаға биыл­ғы 4 мамырдағы Үкімет Қау­лы­сы­мен енгізіліп, 17 мамырдан бас­тап күшіне енді. Бұл түзетулер ке­пілдендіру құралдарын ен­гізуге, айналма қаражатын 30 пайыз­дан 50 пайызға дейін қар­жыландыру көлемін ұлғайтуға, құс еті және мақта талшық тә­різ­ді бірқатар тауарларға қатыс­ты. Аталған өзгерістер 150-ден аса кәсіпорынға 270 млрд теңге сомасына ие болуға, 10 мыңнан аса жұмыс орнын құруға, салық түсімдерін 38 млрд теңгеге арт­тыруға мүмкіндік береді деп жос­парланып отыр. Жобалық кең­се жұмысында барлығы 700 млрд теңгеден астам қаржыға 900-ге жуық әлеуетті жоба бар. 25 млрд теңгелік 41 жобаны екін­ші деңгейлі банктер ма­құл­даса, 126 млрд теңге құрайтын 111 жоба қаралуда. Негізінде, биз­нестің тамақ, жеңіл өнер­кәсіп, ауыл шаруашылығы өнді­ріс­тік кешені және қызмет көр­сету салаларындағы жобаларға қы­зығушылығы жоғары. Соны­мен қатар жобалық кеңсе база­сын­да бағдарламаға түзетулердің екін­ші пакеті әзірленген, онда мем­лекет субсидиялайтын бөлі­гін белгілеумен түпкі қарыз алу­шы үшін пайыздық мөл­шер­ле­ме­ні төмендету қарастырылған. Бұл өзгеріс кәсіпкер үшін несие құ­нын арзандатып, бағдарла­ма­лар арасындағы арбитражды алып тастауға мүмкіндік береді. Тү­зетулердің екінші пакеті қарыз мерзімінің 1/3 бөлігінен ас­пайтын көлемде несие бойын­ша жеңілдікті кезеңді енгізуді жә­не бағдарлама аясында не­сиелендіру үшін жаңа тауар­лар­ды енгізуді қарастырады.

Екінші жартыжылдықта бағ­дарламаға өзгерістердің үшінші па­кеті іске қосылды. Бүгінгі таң­да жеңіл­дікпен несиелендіру бағ­дар­ламасына келесі өзгеріс­тер ен­гізілді: несие сомасынан ай­нал­ма қаражатты 30 пайыздан 50 пайызға дейін толықтыру ли­митін арттыру; бизнес үшін пайыз­дық мөлшерлемені 8 пайыз­дан 6 пайызға дейін тө­мен­дету; кепілдік базасының же­­тіспейтін бөлігі бойынша мем­­лекеттік несиені кепіл­ден­діру тетігін енгізу; несиелен­діру­дің жеңілдікті ке­зеңін енгізу; төлемдер бойынша кейінге ше­геру­ді ұсыну; жеңілдікпен не­сие­лендіретін тауарлар тізімін арт­тыру /400-ден аса жаңа өнім; аг­роөнеркәсіптік кешен жоба­ларына қатысты бейілді кепілдік саясатын ұстанатын «Аграрлық не­сие корпорациясы» АҚ бағ­дар­ламасына енгізу.

Үшінші өзгерістер пакетін ен­гізу 1500-ге жуық отандық тауар өндірушілерді бағдар­ла­ма­ға қатысуға мүмкіндік берді. Бү­гінде «Қарапайым заттар эко­номикасы» бағдарламасы жеңіл­дікпен несиелендірудің сұра­ны­сына ие. Бағдарлама іс жүзіне асы­рыла бастағаннан кейін жар­ты жыл өткен соң-ақ бөлін­ген қаражаттың 25 пайызға жуы­ғы игерілген. Қазір жобалық кең­се айналым капиталын 100 пайыз­ға дейін қаржыландыруды қарастыру және бар займдарды қайта қаржыландыру бойынша жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Атал­ған бағдарламаны жүзеге асы­ру барысы мен оның иге­рілуін­де едәуір тиімділігін көр­се­теді. Мәселен, Үкімет басым­дық­ты жобалар үшін тауарлар тізі­мін арттыру; инвестициялық мақ­саттарға арналған несие­лендіру мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін арттыру; жобаларды іріктеу крийтерилері мен қарыз алушылар тарапынан қарсы мін­деттемелерді белгілеумен ай­налым қаражатын 50 пайыз­дан 100 пайызға дейін то­лық­тыру мақ­сатында несие­лендіру үлесін арттыру; жобаларды іріктеу кри­те­рийлері мен қарыз алуш­ы­лар тарапынан қарсы міндетте­ме­лер­ді белгілеумен бағдарлама те­тігіне инвес­ти­циялық мақсат­тар­ға қарыз­дарды қайта қаржы­лан­дыру құралын енгізу сияқты мә­селелерді пысықтауда.

 

Миуа БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы