Германияда қатаң шектеулер енгізілді. Мұндай шешім канцлер Ангела Меркель мен аймақ басшыларының арасында өткен кездесуден кейін қабылданған. Қатаң карантин бүгіннен бастап, 10 қаңтарға дейін жалғасады. Осыған байланысты азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, газет дүңгіршектері, пошта бөлімшелері, медицина мекемелері мен шырша базарларынан басқа барлық дүкендер жұмысын тоқтатты. Жаңа жылға қатысты фейерверктер мен көшеде арақ-шарап сатуға және бес адамнан артық бас қосуға тыйым салынды. Оқушылар демалысқа немесе қашықтан оқуға жіберілді. Сарапшылар бұған дейін қазан айының аяғында қабылданған карантин еш нәтиже бермегенін айтады.