Нұр-Сұлтандағы «Әлжан ана» мешітінде садақа салуға арналған электронды терминал іске қосылды.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, мешіт имамдары және Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.
«Бұл игі бастаманы «Әлжан Ана« мешітінен бастап жатырмыз. Мемлекет тарапынан біз осындай ашықтықты әрдайым қолдаймыз. Мұндай шара жалпы Мұсылмандар діни басқармасының беделін арттыруда. Бұл ашықтық пен сенімділіктің белгісі», – деді министр Дәурен Абаев.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, еліміздің барлық мешіттерінде осындай игі бастама көтеріліп отыр. Қаржылық ашықтықты қалыптастыру мақсатында және қолма қол қаржыдан арылып, еліміздің мешіттерінде жаңа заманауи терминалдар орнату үшін жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, бас қаланың 12 мешітінде садақа салатын «QIWI» электрондық терминалы орнатылған. Қазір облыс орталықтары мен республиканың барлық мешіттерінде аталған терминалдарды орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.