Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.
Нью-Джерси штатында қоғамдық көлік пен теміржол қатынасы уақытша тоқтады. Билік 14 штатта төтенше жағдай режимін жариялауы мүмкін. Синоптиктер Пенсильвания мен Нью-Йорк штаттарында 60 сантиметрге дейін қар жауады деп болжап отыр. Бірнеше әуежайда рейстердің 30 проценті уақытша тоқтап тұр.Аудандарда коронавирусқа қарсы екпе егу орталықтары да уақытша жабылды.