Әлемге әйгілі көріпкел Ванга екі саны 5 рет қатар келетін - желтоқсанның 22 жұлдызында Жер бетінде өте қауіпті апат болатынын болжаған, деп жазады «Челнинские Известия».
Көріпкелдің досы Сергей Косторной оның пандемия жайлы білгенін айтты. Бұл жайлы ер адам бір жыл бұрын - желтоқсан айында ескерткен болатын. Сол кезде оған ешкім сенбеген. Енді Косторной коронавирус пандемиясы осымен бітпейтінін, алдағы уақытта бұдан да қорқынышты жағдайлар болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, 21 және 22 желтоқсанда Күнде жарқылдақ пайда болады."Ванга әжей бұл туралы "Күнге жылынамыз және Күнге қара көлеңке түседі" деген болатын" , – деп есіне алды ол.
Бұл желтоқсанның 22-сі туралы болып отыр. Ванга бұл күнді Жер тарихындағы ең қауіпті күн деп атаған.
Көріпкелдің болжамынша, күн теңесетін 2021 жылғы 20 наурызда коронавирус пандемиясы аяқталады. Бұдан соң Жерде жақсылық болады.