Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 10 адам қаза тауып, тағы 52-сі жарақат алды, - деп хабарлады TOLOnews агенттігі. Жарылыс Кабулдағы алаңда болған. Алдын ала болжамға қарағанда, террористер автокөлікпен келе жатқан парламент мүшесін өлтірмекші болған.
Қатты жарылыс әсерінен сол маңдағы автокөліктер мен үйлер қираған. Әзірге аталған өңірдегі лаңкестік ұйымдардың ешқайсысы бұл жарылысты мойнына алған жоқ.