Белгілі экономист қазақстандықтарға қаражатты қай валютада сақтау керектігін айтты

Белгілі экономист қазақстандықтарға қаражатты қай валютада сақтау керектігін айтты

Белгілі экономист, UIB бизнес мектебінің директоры Мақсат Халық 2021 жылы қай валюта ықпалды болатынын айтты.

«Шетелдік валюталарға басымдық бола береді. Өйткені теңге тез құнсызданып жатқанын көріп отырмыз. Оған қарағанда шетел валютасы әлдеқайда тұрақты. Сондықтан ұзақмерзімде қаражатты осы шетел валютасында сақтаған дұрыс. Доллар, евро, франк, рубль, юань секілді валюталармен сақтаған тиімді деп ойлаймын. Осылай бірнеше валютада сақтаған дұрыс. Алтынмен де сақтауға болады. Өзін-өзі ақтайтын бірден-бір құнды металл. Үш жылда өз бағасын екі еселеп қайтарады. Сонымен қатар теңгемен да ақша сақтауға кеңес беремін. Өйткені ол сіздің бүгінгі күніңіз үшін керек. Алты айға дейін өзіңізге азық болады»,- деп кеңес берді сарапшы.

Бұған дейін Мақсат Халық 2021 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтқанын жазған болатынбыз.