Қызды еріксіз тұрмысқа берген ерлі-зайыпты сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр.
Алғашқы ондыққа жалақысы 8 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін жететін мамандықтар енген.
Бұл игі іс-шара «Ұлы Дала» шығармашылық байқауының аясын кеңейту, жергілікті талантты жастарды қолдау, Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын насихаттау, кітап оқу мәдениеті мен рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетсек, Дариға Бадықова продюсерлік еткен “Ыстық ұя” фильмі бауырлардың араздығы және қара шаңыраққа талас туралы.
Студенттер үйіндегі сантехника және электр желісі, бөлмелер мен фойедегі линолеум төсеніші, электротехникалық жабдықтар жаңартылды.
Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты.
Осыған байланысты Бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
Алайда UPFRONT MMA бұл деректі қазақстандық «Хабар 24» телеарнасына сілтеп көрсеткенімен, аталған арнада мұндай ақпарат мүлдем айтылмаған.
Шерханның қайсар мінезі мен табандылығы да анасының болмысынан сіңсе керек.
Оны терроризм ісіне қатысы бар деп сендіріп, депозиттегі ақшасын алуын талап еткен.
Жалпы отырыста депутаттарға Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда қарау ұсынылады.
(Өмір Тұяқбай мақаласының ізімен)
Айыптау тарабы сотталушыны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды, жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, қоғамды бірлікке шақыруды және әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен іс-шараға партия мүшелерімен бірге жергілікті тұрғындар, жастар мен еріктілер белсенді атсалысты.
Жиналған қалдықтар арасында пластикалық бөтелкелер, сөмкелер, шыныдан жасалған заттар, орамалар және бір реттік ыдыс-аяқтар бар.