Жәбірленушінің айтуынша, шамамен бес ай бұрын оны белгісіз ерлі-зайыптылар ұрлап, ауыл тұрғынына сатқан.
Жерге орнатылып, жел диірмендеріне ұқсайтын дәстүрлі турбиналардан айырмашылығы, S1500 аспанға гелий толтырылған қабықшалар арқылы көтеріліп, энергияны аса берік кабельдер арқылы жерге жеткізе алады.
2023 жылы ол 48 келі салмақта алтын медаль жеңіп алса, екі жылдан кейін 50 келіде осы бір жетістігін қайталады.
Сапар аясында екі өңір арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.
Енді қыстыгүні қалай күнелтерін білмей дал. Қайтадан пеш салып, көмір жағудан басқа амал жоқ сияқты.
Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-Министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап өтті.
Жарияланған кадрлардан бір қыздың өз құрбысына қол жұмсап, аямай ұрып жатқанын, ал қалғандарының болған жағдайды видеоға түсіріп тұрғанын көруге болады.
Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды.
Кейінірек ол тағы бір жазба жариялап, америкалық боксшы Терренс Кроуфордпен кездесуге ниетті екенін білдірді.
№99116 әскери бөлімінен бұған дейін хабарланғандай, үш сарбаз емес, бірден жеті әскери қызметкердің “өзіне қол салу белгілері” бар деген күдікпен психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.
Оның өлеңдері — жай ғана әдемі жолдар емес, нағыз өмір сабағы, айналаңды қалай таңдауды және жан тыныштығын қалай қорғауды үйрететін асыл ойлар.
Бұл өзгерістер шарт жасасу тәртібін, қаражатты аудару мерзімдерін және қарыз алушылардың келісімін алу тетігін реттейді, әсіресе кейбір жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға қатысты қолданылады.
Дәрігерлер барын салғанымен, бөбектің бетін бері қарата алмады. Өйткені баланың бауыры жыртылып, мойны сынып кеткен.
Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту маңыздылығын бірнеше рет атап өткенін еске салды.