Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, аукционнан түскен қаражат жәбірленушілердің шығынын өтеуге жұмсалады.
Дәрігерлер таңғы асқа ботқа, жұмыртқа, ірімшік, көкөніс пен жеміс-жидек жеуді ұсынады. Ал майлы, тәтті және тез дайындалатын тағамдарды аз тұтынған жөн.
Жетісу облысы – солтүстік-шығыстан жел, екпіні 15–20 м/с.
Шетпе ауылында қолданысқа берілгеніне 7-ақ жыл болған нөмірі 7 мектеп-лицейінде биыл алғашқы қоңырау соғылмады.
Бұған дейін Қазақстанда Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алған еді.
Жаңа тәртіпке қалалық коммуналдық қызметтер, Астана әкімдігі, сондай-ақ мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар кіреді.
Тараптар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыру, екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту және америкалық бизнестің қатысуымен жаңа кооперациялық тізбектерді қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Тергеу дерегінше, топ құрамында елдің әр өңірінен 25 адам болған, олардың арасында банк қызметкерлері де бар.
Үкімет цифрлық шешімдер мен ЖИ технологияларын еліміздің экономикалық өсімін жеделдетудің негізгі тетігі ретінде қарастыра отырып, оларды барлық салаға енгізу жұмыстарын күшейтіп жатыр.
Күлшат Шәріпқызы 25 жылдан бері қант диабетімен ауырған.
Полицейлер оның өтінішіне дереу үн қатып, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде бауырлар қайта табысты.
Әлеуметтік желіде марқұм жұбайының бейітіне барған әйелдің бейнеүндеуі тарады.
Дәрігерлердің айтуынша, ол жағына, көзіне пластикалық ота жасатқан. Қазақстанда сұраныс жоқ болғандықтан, Кореяда жасатқаны туралы болжам айтты.