Айыпталушы қазір арнайы емдеу орталығында жатқандықтан, алғашқы сот отырысына қатыса алмады.
Президенттің сөзінше, біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз.
Қазақстан Президенті мен Италия премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Өмір бойы ай сайын берілетін 500 доллардың иегері – Әлихан Жақсылық!
Қызмет 2026 жылдың 31 наурызына дейін пилоттық режимде жұмыс істейді. Жоба тиімділігін дәлелдесе, кейін бүкіл елде тұрақты негізде енгізілуі мүмкін.
Италия премьер-министрі қазіргі геосаяси ахуал және өңірлік ынтымақтастық туралы сөз сөйледі.
Алты ай бұрын 16 жасөспірім оның ұлын ұрып-соғып, есепшотындағы 2 500 теңгесін тартып алған. Алайда тек екі күдікті ғана «тонау» бабымен сотталып, екі жылға шартты жаза алған.
Бағалау барысында тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сондай-ақ бірнеше әлеуметтік факторлар да ескерілген.
Кездесу соңында министрлер өзара мүдделі нақты жобаларды ілгерілету бойынша мазмұнды диалогті жалғастыруға дайындықтарын растады.
Еске сала кетсек, 29 мамыр күндізгі саудада доллар орта есеппен 3,17 теңгеге арзандап, 509,26 теңге деңгейінде тіркелген еді.
Бейнежазбадан Жаханның жұбайы қобалжып тұрғаны, ал әзілкештің не боларын білмей, жайбарақат отырғаны байқалады.
Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді.
Ильзат Ақчурин 2024 жылдан бері «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының орынбасары болып қызмет еткен.
Астана – бұлттар сейіледі, жауын-шашын жоқ. Түнде +10…+12°C, күндіз +26…+28°C, жел 9-14 м/с.
Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кешегі кездесуде аталған экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.