Аталған ақпарат түскен сәтте облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімі және мектеп өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылып, жедел түрде қызметтік тексеріс жүргізілді.
Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, қыз ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген, оң көзі нашар көре бастаған және бірнеше мәрте есінен танып қалған.
Жұмыс екі негізгі бағытта жүргізілуде: сот тәртібімен шара қолдану және инфрақұрылымға қадағалау.
Белгісіз біреулер құлпытастарды қиратып, металл айшықтарды жұлып кеткен.
FIFA президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, бұл сыйлық "спорт арқылы бейбітшілікті насихаттауға қосқан үлесі үшін" берілген.
80 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо елінің өкілі Эбенезер Тене Гесвенде Зугранамен кездесіп, жекпе-жекті алғашқы раундта-ақ аяқтады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Бұл турнир 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында Канада, АҚШ және Мексикада өтеді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым қашықтықта Өзбекстан территориясында орналасқан.
Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты хакім Абайдың терең ойлары мен адамгершілік мұрасымен таныстыру, ұлттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығының маңызын кеңінен насихаттау.
«Ақбөкен» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында полицейлер орман шаруашылығының шеберімен бірге көлдің маңында жүрген ер адамды байқайды.
Бұл нарықтың «жергілікті шыңына» жеткенінің белгісі болуы мүмкін.
Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады.
Қара өлеңнің көрігін қыздырған сөз сайысында еліміздің 10 облысынан, 12 жетекші университетінен келген 14 жас талант бақ сынады.