Анасының қарызы үшін қызын байлап, қараусыз жерге апарған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті. Желіде белгісіз әйелдің баланы байлап, қараусыз жерге апарғаны бейнеленген видео тараған болатын.
Маңғыстау облысында «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында ауаға газ бөлінген, – деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыға сапары аясында Абай университетінде болды.
Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды. «Қазгидромет» 21 шілдеде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 22-24 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.
Белгілі әнші Жанар Дұғалова аяғы ауыр болса да концерттердің бірінде "Ізін көрем" әнін орындап, желідегі тыңдармандарының таңданысын тудырды.
Алматыда қатты желдің салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды. "Алатау жарық компаниясы" АҚ-ның мәліметінше, қатты желден кейбір аудандарда ағаштар құлап, электр тарату желілері зақымданған.
Елордада қалалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен тағы бір жәрмеңке жұмысын бастады, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Павлодарлық әйел туысын қызына тиіскен деп айыптады, полиция қылмыстық тергеуді жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Zakon.kz. "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры әлеуметтік желіде Павлодарда жас қызға туысы тиіскен деген хабарламаны жариялаған.
Қазақстанда маусым айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 триллион теңгеден асты. Бірінші кредиттік бюроның ақпаратынша, берілген кепілсіз тұтынушылық несие көлемі 800 миллиард теңгеден асқан. Бұл рекордтық көрсеткіш.
Ыстықкөлде 18 шілде күні Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстан футбол қауымдастығы басшыларының кездесуі өтті. Бұл туралы Қырғыз футбол одағының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
19 шілдеде Астрахан ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан алаяқтық фактісі туралы арыз келіп түсті. Әйел белгісіз тұлғалардың өзіне тиесілі 4 млн теңгесін иемденіп алғанын хабарлады.
Алматының Алмалы аудандық соты кәсіпкер Орифжан Шадиевті Asia Credit Bank-ке 16,7 миллиард теңге шығын келтіргені үшін 1 жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Елімізге белгілі актер Тәуекел Мүслім “Осколки” подкастында жұбайы Махаббатпен арада болған келіспеушіліктер жайлы жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтауда қыздың көмек сұрап жылаған видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Масс-медиа» туралы жаңа заңның жобасында мемлекеттік тілге қандай басымдықтар беру ұсынылып отырғанын айтты.