Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Лоран Сен-Мартен Астанаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келгенін, әртүрлі саланы қамтитын ұжымдар елімізбен іскерлік байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді.
Талапкер кентіндегі тергеу іс-шаралары барысында полицейлер салмағы 100-200 грамм болатын синтетикалық есірткі – мефедронды тәркіледі, оның нақты салмағы мен құрамын сот-химиялық сараптама анықтайды.
Лудомания – адамның онлайн казино, лотерея, букмекерлік кеңселер секілді құмар ойындарға патологиялық түрде тәуелді болуы.
Енді жеке академияларға өз атауларына «ұлттық» сөзін тіркеуге тыйым салынады.
Ерлан Қошанов Қазақстан Германияны Еуропадағы негізгі стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.
Іс-шара барысында Аида Балаева екі ел арасындағы қарым-қатынаста мәдени ынтымақтастықтың орны ерекше екенін атап өтті.
Қазақстанда 250 астық өңдейтін кәсіпорын тіркелгенімен, нақты жұмыс істеп тұрғандары 80-нен аспайды.
84 шақырым жолдың 17 шақырымы Абай облысына, 67 шақырымы Жетісу облысына қарайды.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылады.
Форум аясында қатысушылар қаржылық сауаттылық, психология және тұлғалық даму бойынша тренингтерден өтті, әйелдер денсаулығы мен кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Қылмыстық іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде қайта жалғасты.
8 мамырдағы сот отырысына Талғардағы төбелес кезінде жараланған Нұрқанат Ғайыпбаевқа медициналық сараптама жүргізген маман Өмірбек Жолымбетов келген болатын.
Анке Релингер кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел игілігі жолында ортақ мақсаттарды ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.
Мұнай-химия саласында ұзақ мерзімді мансапты көздегендер үшін инженерлік-технологиялық және химиялық бағыттар аса өзекті.