Олжас Бектенов Президенттің Қостанай облысында көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылуын тексерді.
Жобалық топ түрлі ведомстволардағы әкімшілік кедергілерді жоюға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі цифрлық шешімдерді әзірлейді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңғырту бойынша 214 жоба әзірлеп жатыр.
Ана тіліндегі цифрлық білім беру ортасы енді Google Classroom қазақ тілінде де қолжетімді.
Астанада өтетін көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім ұсынылып, халықаралық спикерлердің қатысуымен шеберлік сағаттары, ұтыс ойыны мен концерттік бағдарлама болады.
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда.
Адамдарды аттестациялау процесін автоматтандыру жаңа мүмкіндіктер беріп, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау мерзімдерін қысқартады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық отбасы күні жарияланды. Мерекенің негізгі миссиясы – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.
Астаналықтар 3 маусымнан бастап қазақ тілін тегін үйрене алады.
Енді Қазақстан мен Гарвард қазақстандық сирек кітаптар мен қолжазбаларды цифрландыру жобасын бастайды.
Орталық Азияның климаттың өзгеруіне арналған VII конференциясы (ОАҚӨК-2025): Орталық Азия жаһандық климаттық қаржыландыру мақсатына қол жеткізу үшін күш біріктіруде.
Биыл ең жоғары орташа айлық жалақы Ұлытау облысында тіркелген, ал мамандардың ішінде ақпарат және байланыс саласының жалақысы өскен.
Жаздың басталуымен аулаларда, тротуарларда және ғимараттардың жанында жиналатын терек мамығынан өрт қаупі күрт артады.
Биыл Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артып, 6,092 млн тонна мұнай өңделген.