Бүгін өңірлердің басым көпшілігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі сұранысқа ие мамандықтар бойынша резидентураның балалар бейіндерін енгізеді.
Мемлекет басшысы бүгін Астананың әлеуметтік нысандарын аралау барысында «Дәулет» теннис орталығына барып, жас спортшылармен жүздесті.
1 800-ден астам адам қатысқан лотереядан олар 162 млн теңге қылмыстық табыс тапқаны анықталған.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елордада ашылған Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көріп, спортшы жастарға жылы лебізін білдірді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Лимен кездесу өткізді.
Бүгін Қарулы күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні атап өтіледі.
Қазақстан мектептеріне оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған жаңа цифрлық құрал енгізілуде.
QS 2026 рейтингінің қатарында Қазақстанның үш университеті: Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Шәкәрім университеті бар.
Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі 74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Облыстарды сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсарып, тұрғындарға жұмыс көзі де қарастырылған.
Тамыз айынан бастап отандық тұрмыстық техника өндірушісі Silk Road Electronics ЖШС белгілі әлемдік брендтің теледидарлары мен кір жуатын машиналарын шығаруды бастайды.
Биыл 1 маусымдағы дерек бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге.
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап тауар биржалары арқылы стандартталмаған тауарлардың айналымына шектеу қоятын өзгерістер күшіне енеді.
Жаңа кеден бекетінен шекарадан өту уақыты едәуір қысқарып, халықаралық тасымалдардың логистикасы жеңілдетіледі.