Tag: еркін күрес
Нұрқожа Қайпанов пен Асыл Айтақын Венгриядағы турнирдің финалына шықты
Асыл Айтақын алтын медаль үшін Түркия өкілі Толга Озбекпен күреседі.
Қазақстан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатын 22 медальмен аяқтады
Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Майис Алиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін), Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін) алтын медаль алды.
Ұландықтар еркін күрестен Қазақстан Кубогында жүлдегер атанды
Қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің спорттық командасынан жеті әскери қызметші бар.
Ризабек Айтмұхан АҚШ-тағы турнирде атақты Кайл Снайдерден ұтылып қалды (ВИДЕО)
Айтмұхан алғашқы кезеңде 6:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы кейін басымдық танытып, белдесу 12:6 есебімен аяқталды.
Еркін күрестен Азия чемпионаты: Едіге Қасымбек қытайлық балуанды жеңіп, қола медаль алды
Қасымбек қытайлық У Бухеердунды 8:7 есебімен, бір ұпай айырмасымен жеңді.
Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының финалына шығу үшін күреседі
Ол 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты: Қазақстан балуандарының тізімі жарияланды
Құрлықтық біріншілік еркін күрес балуандарының жарысымен аяқталады.
«Жаныңыз жәннатта болсын»: Ризабек Айтмұхан отбасында қайғылы жағдай болғанын айтты
Ризабек Айтмұхан бір арманын орындап үлгермегенін жеткізді, сондай-ақ көпшілікті жақындарын бағалауға шақырды.
Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті
Айта кеткен жөн, 21 жастағы Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихында еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.
Күрестен Албанияда өтетін турнирге қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Жарыс 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан бұл додада күрестің барлық түрінен сынға түседі.
Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Бішкектегі халықаралық турнирде топ жарды
Нәтижесінде ол ақтық бәсекеде ресейлік балуан Алихан Кцоевты тізе бүктірді.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Бұл қызметке 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов бекітілді.
Шадияр Пернеш еркін күрестен Сурдлимпиада чемпионы атанды
Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: бір алтын, бір күміс және үш қола.
Токиода өтіп жатқан Сурдлимпиадада екі қазақстандық балуан еркін күрестен финалға шықты
Бүгін боз кілемге шыққан алты қазақстандық балуанның екеуі финалға жолдама алып, ертең алтын жүлде үшін таласуға мүмкіндік жасады.
