Tag: Головкин
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге World Boxing халықаралық федерациясының президенті ретінде көптеген мәселенің шешімін табуы қажет екенін айтты.
Головкин Италия ҰОК президенті Лучано Буонфильомен кездесті
Кездесу кезінде екі ел арасында спорт саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мол мүмкіндік бар екені атап өтілді.
«Рингке оралуым әбден мүмкін»: Головкин World Boxing президенті болса да кәсіби мансабын аяқтамағанын айтты
Нақты шешім қабылданбаған.
Геннадий Головкин Қазақстанда қоштасу жекпе-жегін өткізгісі келеді
Бұл жайлы өзі айтты
Геннадий Головкин Бахрейн бокс федерациясының президентімен кездесті
Кездесу 2025 жылдың 22-31 қазан аралығында Манамада өтетін III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қарсаңында өтті.
Геннадий Головкин елімізге 26 жылдан кейін алтын сыйлаған балуанмен кездесті
Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинге алғыс айтты
Мемлекет басшысы әлемге әйгілі спортшы болу үлкен жауапкершілік жүктейтініне, жастардың чемпиондарға қарап бой түзейтініне назар аударды.
Головкин Сингапурда Моңғолия ҰОК басшысымен кездесті
Моңғолия тарапы биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапармен келуге қызығушылық білдірді.
Геннадий Головкин ХОК ұйымдастырған саммитке қатысты
Саммит спортты жаһандық және жергілікті деңгейде оң өзгерістерге жетудің құралы ретінде пайдалануға бағытталған практикалық шешімдермен алмасуға арналған алаңға айналды.
«Спорттағы адалдық мәселесі»: Геннадий Головкин Германияға барды
Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарын өткізу тәжірибесінен алынған нақты мысалдар қарастырылады.
«Мен үшін ауыр қаза...»: Геннадий Головкин алғашқы бапкерінің отбасына көңіл айтты
Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді.
Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді
Геннадий Головкин Бас ассамблея қатысушыларына алғыс білдіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Геннадий Головкин FIBA-ның Бас хатшысымен кездесті
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы баскетболдың қазіргі даму деңгейін, ұлттық құрамалардың дайындық барысын, сондай-ақ 3х3 дисциплинасының даму перспективасын талқылады.
Геннадий Головкин Сауд Арабиясының Бокс федерациясымен кездесті
Кездесу барысында тараптар олимпиадалық бокстың болашағын, оның ішінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарындағы мәртебесін, сондай-ақ, бұл спорт түрін қолдаудағы Сауд Арабиясының рөлін талқылады.
Геннадий Головкин мен Ербол Мырзабосынов Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директорымен кездесті
Хусейн Аль Мусаллам қаңтар айында Астанаға жасаған сапары кезінде көрсетілген қонақжайлылық үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.