Tag: Шерзат Полат
«Өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын» – Шерзаттың анасы
Жарыссөзде жәбірленушілердің өкілі Мейірман Шекеев Шерзаттың анасының сотқа арналған сөзін оқып берді
Шерзат ісі: прокурор басты күдікті Абзал Шынасылды 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Айыптаушы тарап барлық сотталушыға қатысты ең жоғары жаза тағайындауды сұрап отыр.
Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 660 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті
Жәбірленуші тарап сұраған материалдық және моральдық шығынның жалпы сомасы 662 794 мың теңге болды.
Шерзат ісі: адвокаттың судья Жанұзақовқа қарсы шағымы қабылданбады
Қылмыстық іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде қайта жалғасты.
«Денсаулыққа жеңіл залал келтірген»: сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаты жайлы айтты
Мамандардың «жеңіл дене жарақаты» деген қорытындысына қарамастан, есепте түрлі анатомиялық аймаққа тиген зақымдар егжей-тегжейлі көрсетілген.
Шерзат ісі: бүгін сот отырысы жалғасып жатыр
Сот отырысын Жоғары соттың ресми YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар.
Тахир Халимназаров: «Бір литрге дейін қан жоғалтпаса, Шерзатты аман алып қалуға болар еді»
Сарапшының сөзінше, Шерзаттан 1,5 литр қан кеткен.
«Жарақаттың тереңдігі 12 сантиметр»: сарапшы өткір заттың өлімге себеп болғанын айтты
Сарапшының мәліметіне сәйкес, марқұмның оң көзі астынан қан құйылғаны да тіркелген.
Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев: «Мылтықты Нұрқиястың қолынан көрдім»
Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне «мылтық атқан» деген айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Дегенмен бұған дейінгі сот тыңдауларында айыпталушылардың көпшілігі дәл сол екі рет атыс жасаған адам Ғайыпбаев болғанын алға тартқан.
Тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров Шерзат Полаттың өліміне не себеп болғанын айтты
Бүгінгі сот отырысына жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеевтің өтініші бойынша тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров шақырылды.
Шерзат ісі: Тоқтаубаевтардың адвокаты ауысты
Бұған дейінгі отырыста басты айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл бет-жүзін жариялауға келісіп, Шерзатты теуіп, Нұрқанат Ғайыпбаевты үш рет пышақтағанын мойындаған еді.
«Барсеткасынан бәкі шығарды»: куәгер Нұрқияс Ілиясовта пышақ болғанын айтты
Бірақ күдікті Ілиясов мұны жоққа шығарды.
Шерзат ісі: күдікті Тоқтаубаев мінген көліктен қандай айғақ табылғаны белгілі болды
Бұл туралы тергеушінің айғақ материалымен танысқан мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айтты.
«Қарудан қол ізі табылған жоқ, оқтаулы күйінде қалған»: Шерзат Полат ісіне қатысты тағы бір тың дерек
Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, қару оқталмаған күйде қалған.
«Оң жақ бетінде қызыл-қоңыр қан мен көгерген із бар»: Шерзаттың жарақаты жайлы айтылып жатыр
Бойы 170 сантиметр, арық денелі Шерзат Полаттың мәйітіне қатысты мән-жай да біртіндеп анықталып жатыр.