Tag: Жаңа Салық кодексі
«AMANAT» партиясы кәсіпкерлердің жаңа Салық кодексіне бейімделуіне қолдау көрсетеді
Іс-шара офлайн форматта өтіп, оған 250-ден астам азамат қатысты. Сондай-ақ өңірлердегі өкілдер бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.
Ескі көлікке жеңілдік, декларация: 2026 жылдан бастап көлік салығының ережелері өзгереді
Атап айтқанда, жеңіл автокөліктер бойынша көлік салығын есептеу кезінде пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін болған жағдайда 0,7 түзету коэффициенті, ал 20 жылдан асқан жағдайда 0,5 коэффициенті қолданылады.
2026 жылдан бастап арнаулы салық режимдері өзгерді: кәсіпкерлер нені білуі керек?
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді жеке кәсіпкер (ЖК) болып табылмайтын, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғалар (ЖТ) қолдануға құқылы.
Пәтерін жалға беретіндер табысының қанша пайызын салыққа жұмсайтыны белгілі болды
Енді пәтерін жалға беретін азаматтарға жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелудің қажеті болмайды. Олар табысының 4%-ын ғана әлеуметтік төлем ретінде төлейді.
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосылған құн салығы салынбайды
Жаңа Салық кодексі бойынша, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығынан босатылады.