Қабылданған шаралар оқшаулану режимінен байыппен шығуға мүмкіндік береді

– Карантин коронавируспен күрестің тиімді тәсілі екенін толықтай дәлелдеді. Бүгінде коронавирус індеті әлемнің 185 елі­не тараған болса, BBC-дің ақпараты бойынша сәуір айының ба­сына қарай әлемнің жүзден астам мемлекеті толықтай не жар­тылай карантин режиміне көшкен. Қазақстан да осы қа­тар­да, уақытылы іс-шаралар қабылдап, 16 наурызда елімізде тө­тенше жағдай режимі жарияланды, қатаң карантиндік шек­теулер белгіленді. 27 сәуір күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тө­тенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қа­был­да­ғанын жеткізді. Бұл – індеттің шарықтау шегінен өтпеген елі­мізге, ең біріншіден азаматтардың денсаулығы қымбат, мәжбүрлі шара.

Десек те, Қазақстанда оқшаулану режимінен байыппен әрі кезең-кезеңімен шығу процесі басталып кетті. 20 сәуірден бас­тап елорда мен Алматыда өнеркәсіп кәсіпорындары, құры­лыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер мен ха­лыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастаған бо­ла­тын. Осы аталған үлгі ахуалды бақылауда ұстап отырған өңір­лерге де енгізілмек. Сонымен қатар Президент бүгінгі мәлім­де­ме­сін­де 1 мамырдан  елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашы­ла­тынын, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесі де қа­ралатынын айтты. Әлем елдеріне назар аударсақ, қалыпты өмірге дайындық процесі коронавирустан қатты зардап шеккен Италия, Испания мемлекеттерінде де қолға алына бастағанын көреміз. Бұл мәселеде бастысы, Президент ескерткендей, ахуал­ды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретіндей жүйелілік, кезеңдік, түсіністік маңызды.

Осылайша, еліміз қазірден посткризистік кезеңдегі ау­қым­ды өзгерістерге дайындалуда. Қазақстан экономика, мем­­­лекеттік басқару, денсаулық сақтау бағыттарында кешенді ша­­­раларды қолға алмақ. Төтенше жағдай режимі аяқталғанша экономикалық дамуды қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзір­ленбек. Мемлекеттік саясатта денсаулық сақтау саласы ал­дыңғы орынға шықпақ. Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс осы саланы жетілдіруге негізделген тың бағыттар мен бастамаларды айқындайды.

Жалпы алғанда, коронавирус індетімен күресуге бағытталған жүйе­лі мемлекеттік саясат аз уақыттың ішінде өз нәтижесін көр­сетіп, еліміз посткризистік кезеңге дайындалуды бүгіннен қол­ға алып жатыр.

 

 

 
Share
«Айқын» ақпарат

Алыпсатарлар жазаланады

Әсіресе, өз бойында вирус бар ма, жоқ па деген күдікті сейілту үшін тест тапсырғысы келетіндердің…

19 мин

СOVID-19 жұқтырғандарға арналған әскери-далалық госпиталь Алматыға көшіріледі

Алматы облысының Тілендиев ауылында орналасқан әскери-далалық госпиталь Алматыға көшіріледі. Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз…

29 мин

Қызылордада дәрі жоқ, кезек көп

Өйткені дүниежүзі елдерінің тұрғындары мен экономикасын қоса жұтып жатқан пандемия  сәт сайын құбылып, шырмауына түскендерді…

38 мин

Президент шетелден тыныс алу аппараттарын жеткізген қоғам белсенділеріне қолдау білдірді

Белсенділер аппаратты шетелден сатып алғанымен оны елге кіргізу проблемасы бойынша Мемлекет басшысынан көмек сұраған болатын.…

48 мин

«Коронавирусты емдейтін хаттама 10 рет өзгерді» – Бақыт Көшерова

Коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасын әзірлеушілер тобының жетекшісі, Қарағанды медициналық университетінің проректоры, дәрігер-инфекционист Бақыт…

1 сағ

Пышақ ұстаған елордалық әйел супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады, - деп…

1 сағ