Астанадағы LRT құрылысынан қаржы үнемделсе, сапасы сын көтере ме?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы аясында атқарылатын жұмыстар жөнінде есеп берді.
Үлескерлер мәселесі шешіле ме?
Бас қаланың әкімі Алтай Көлгінов үлескерлермен кездесті.
Дәурен Раманқұл, Shoes Republic аяқкиім фабрикасының басшысы: Елімізде етікші тапшы
Ел экономикасын дамытудың кілті – жастарды жаппай жұмыспен қамту, сол арқылы елдің әлеуметтік тұрмысын жақсарту. Қазір білім алам, кәсіппен айналысам деген адамға жол ашық. Елбасы жастармен кездескенде жұмыссыз жүрген жастарды оңай ақшаның соңынан қумай, адал еңбекпен нан табуға шақырған еді. «Мен жұмыс таппай, әркімнің табалдырығын тоздырғаннан кейін оңай ақшаның соңынан кететін жастарға әрдайым айтып келемін. Мұндайды көру аянышты, себебі, істейтін адамға жұмыс бар. Бала бақсаң да, үй тазаласаң да, ас дайындасаң да, әйтеуір еңбек етуге болады. Бірақ өзіңді-өзің ешқашан сатпауың керек», – деген болатын. Осындай «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?» деп еңбек етіп жүрген азаматтың бірі – Дәурен Раманқұл. Елде тігін фабрикасына қажетті құрал-жабдық тұрмақ, етікші тапшы кезде аяқкиім тігуді қолға алған кәсіпкер қазір жұрттың алғысына бөленгеніне дән риза.  
Жомарттық жолыңды ашар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы ұсынылған күннен бастап ізгілікті мұрат еткен, руханиятты жандандыруға ұмтылған жобалардың саны артып, ел арасында жақсы ісімен көзге түскен азаматтардың қатары артып келеді. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, Таразда «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды.
Қызым, қасыңдағы адамдар қандай?
Таңдау құқығы бар дүниенің бәрі жақсы. Қолайың мен ыңғайыңа қарап, талғауға рұқсат. Соның ішінде, билет аларда жынысына қарай орын алуға мүмкіндік туса, тіпті құба-құп. Мейлі пойыз не автобус болсын, мінерде көршіңнің ер не әйел екенін алдын ала білген дұрыс. Мұндай ұсыныс бірлі-екілі көтеріліп, жазылып жүр. Қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі былтыр мұндай бастаманы көтерген еді. Әйтсе де, сол ұсыныс аяқсыз қалды. Зорлық-зомбылықты азайту үшін ғана емес, жолаушының қолайы үшін қызметтің осы түрі қосылса неткен ғажап болар еді?! Әрі ата-ана баласы үшін «қызым, қасыңдағы адамдар қандай?» деп уайымдаудың да қажеті болмайды.
Мәйіт доноры болуға дайынсыз ба?
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласының  күрмеулі мәселелерін шешеді деген бағдарламалардың орындалу барысын сараптаған алқа мәжілісін өткізіп, елең еткізер мәлімдемелер жасады. Осы жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар көңіліне қонбады білем, министр  облыстық денсаулық сақтау басқармаларын  облыс әкімдерінен алып, министрлікке бағындыру мәселесін көтерді.  Ол қызды-қыздымен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне қарайтын күрежолдардағы медициналық-құтқару бекеттерін де өзі басқаратын министрлікке алуға мүдделі екенін білдірді.
Елжан Біртанов: Донорлық – біздің менталитет, дәстүр, психология үшін оңай емес
Бұдан былай электронды денсаулық паспортына донорлық туралы арнайы баған енгізіледі.
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Сенбілікке отбасыммен қатыстым
Ұлттық музей ұжымы #Birge#TazaQazaqstan акциясына белсенді атсалысты.
Министр: Қауіпсіздік сертификаты азаматтардың жеке дерегін сақтамайды
Мемлекеттік қызметкерлердің қауіпсіздік сертификатын қолданып жүргеніне бір жарым жыл болған.
Гранатадан зардап шеккен сарбаздың әпкесі інісінің денсаулығы туралы айтты
Nur.kz тілшісі Маңғыстау облысының оқу-жаттығу полигонында гранатаның жарылуы салдарынан зардап шеккен  мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Сергей Кошелевтің әпкесімен  сөйлесті. Сергейдің әпкесі Раушан бауырының халі туралы хабарлады, сондай-ақ әскери госпитальдің қызметкерлеріне алғыс білдірді.