Асарлатып үй салсақ, айып па?
Алдағы 7 жылда көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін 42 мың пәтер салынады. Осылай­ша, жылдар бойы сең болып қатып тұрған тұрғын үй кезегінде біраз қозға­лыс болатын түрі бар. Елімізде 340 мың көпба­лалы отбасы бар екенін, оның 28 мыңнан астамы тұрғын үй кезегінде тұрғанын ескерсек, сондай-ақ болашақта көпбалалы болсам деген отбасыларды ынталан­дыру, қолдау үшін бұл үрдіс алдағы уақытта да ұдайы жүргізіліп отыруы тиіс.
Мен не деймін, домбырам ше?
Көздеген мақсатқа жету үшін темірқазық болар жоспар құрылады. Сол сияқты министрліктер де өз жұмысын Президент Жолдауына, өздерінің стратегиялық жоспары мен мемлекеттік және салалық бағдарламаларына негіз­деп жүргізеді. Себебі, ол құжаттар Елбасы жиі айта­тын өмір сапасын жақсар­туды көздейді. Мембағ­дар­­ламалар жүзеге асса Жерұйықта өмір сүретін­дей-ақ мүмкінді­гіміз бар. Алайда, іс жүзінде олай емес. Оның себебі көп. Біз біреуіне ғана тоқтала­мыз – бағдарламаны жү­зеге асырушы құрылым­дар арасында диалог жоқ.
Бала семіздігі бас қатыра бастады
«Ауру – астан» демекші, бойдағы дерттің көбі дұрыс тамақтанбау салдарынан болатынына мән бермейміз. Үлкендерді айтпағанда, соңғы кезде балалар арасында астан ауру табу белең алды. Ас қорыту жүйесі аурулары, семіздік, қант диабеті, қан аздық сынды сырқаттар мамандар дұрыс тамақтанбау салдарынан болатынын айтып, дабыл қағып жатыр.

9 мың студент жаңа жатақханаларға жайғасады
Осы жылдың соңына дейін студенттерге арнайы салынып жатқан жатақхана құрылысы нәтижесінде 9 мыңнан астам орын пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жоспардағы 5 мың орыннан 4 мыңға артық.
Білім саласы мамандарының басын қосқан форум
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік Қоғамы филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институты базасында «ХХІ ғасырдағы ересектерге білім беру: заманауи үрдістер» тақырыбында Ресей, Қырғызстанның білім беру саласы ғалымдары, республиканың біліктілікті арттыру институттарының басшылары мен профессор-оқытушылық құрамы, облыстық(қалалық) білім басқармасының мамандары, ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру, жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшылары мен педагог кадрларының қатысуымен республикалық форум өтті. Келелі мәселелер талқыланған форумға 140-қа жуық мамандар қатысты.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 87 88 89 90 91