Ертең жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады.

Ертең жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді
Фото: Интернеттен алынды

Ертең 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республика бойынша ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.

Министрліктің ресми хабарламасында: «Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды», – деп жазылған.

Еске сала кетсек, жалпыұлттық жиналыс үшінші рет өтеді. Алғашқы жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы қатысқан.