Жемқорлық ҰБТ-ға әсер етпейді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде үлестес компаниялардың мүдделерін қолдағаны үшін ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық схемасының жолын кесу туралы хабарлады. Аталмыш факті ҰБТ-ны өткізу үрдісіне еш әсер етпейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жемқорлық ҰБТ-ға әсер етпейді

«Қазіргі таңда ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы штатты режімде жұмыс істейді және бұл факт 2019 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге ешқандай әсер етпейді. Гранттарды үлестірудің автоматтандырылған жүйесі әрдайым бақылауда, құпиялылық режимінде жұмыс жасайды және адами факторға тәуелді емес.

Тергеу органдары Ұлттық тестілеу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидасын қолдайды» делінген хабарламада.