Түлектерге ақ жол тіледі

Газет мақаласы Айқын газеті №84

«Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев университеті», «Назарбаев қоры» Жоғары қамқоршылық кеңесінің Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осымен бесінші рет елордадағы «Назарбаев университетінің» үздік түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Елбасы барша түлектерді өз өмірлеріндегі айтулы күнмен құттықтады.

Түлектерге ақ жол тіледі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы­ған дейінгі төрт рәсімде еліміздің же­тек­ші ғылым ордасынан жалпы алғанда, 2600-ден астам студент түлеп ұшқанын еске салды.

– Университет түлектері – елімізде ға­на емес, сондай-ақ шетелде де сұра­ныс­қа ие болып отырған бәсекеге қабілетті ма­мандар. Бүгін осы жоғары оқу орнын бі­тіруші жаңа 963 түлектің 565-і бака­лав­риат бағдарламасы, тағы 378-і – магистра­тура, ал 20-сы докторантура бағдарламасы бойынша білім алды. Бакалавр-тү­лек­тер­дің 40 пайыздан астамы әлемнің үздік уни­верситеттерінен шақыру алып, оқуын жал­ғастыруға ұйғарды, – деді Н.Назарбаев.

Ол университеттің жоғары білікті кадрлары Қазақстанның технологиялық дамуына елеулі үлес қосып отырғанын айт­ты.

– 2019 жыл Жастар жылы болып жа­рияланды. Жастардың білім алуы – елі­міздің қазіргі заманғы әлемдегі бәсекеге қа­білеттілігінің басты факторы. Қазақ­стан­ның болашағы сіздерге, сіздердің бі­лім­деріңізге, күш-қуаттарыңыз бен пат­риоттық сезімдеріңізге байланысты. Сіз­дер өз әлеуеттеріңіз мен мүмкін­дік­те­ріңізді толық іске асыра алуларыңыз үшін біз барлық жағдайды жасап отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның байламынша, NU яғни, «Назар­баев университеті» бренді әлемдік академиялық ортада ғана емес, сонымен қа­тар мемлекеттік басқару, бизнес, ме­ди­цина, инновация, ІТ технологиялар са­ла­ларында кеңінен танымал болды.

Университеттің оқытушы-профес­сор­лары және ғылыми қызметкерлері құра­мы әлемнің 53 елінен келген 477 адам­нан тұрады. Оның 26 пайызы – ұлт­тық кадрлар. Олардың көбі – 10 елден, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Ка­нада, Грекия, Италия, Оңтүстік Корея, Ре­сей, Аустралия, Түркия және Үндістан­нан шақырылған.

Осы күні Елбасы «Назарбаев универ­ситетінің» жаңа Атлетикалық орталығын ашып берді. Қа­зақстанның Тұңғыш Пре­зиденті ғылым ордасының көпфунк­цио­налды жаңа спорт ғимаратын аралады. NU Атлетикалық орталығында спортпен шұғыл­дануға қажетті барлық инф­ра­құры­лым, оның ішінде олимпиадалық бас­сейн, 660 көрерменге арналған арена, тре­нажер және жекпе-жек залдары бар. Бұл нысан спорт индустриясының озық тех­нология­ларымен жабдықталған.