Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілі

Газет мақаласы Айқын" газеті №94

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері» атты республикалық онлайн семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ өңірлік филиалдары мен жоғары оқу орындарының педагог-ғалымдары, Алматы қаласының психологтары, логопедтері және институт ұжымы қатысты.

Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілі

Семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ директоры, педагогика ғылы­мдарының докторы Р.Сәдуа­қасо­ва ашты. Семинар барысында ерекше білім беру қажеті бар бала­лар­ға қатысты білім беру проце­сіне қатысушы­лардың барлы­ғында толе­ранттылықты тәрбиелеу мәсе­ле­­лері, инклюзивті білім беруді ен­гі­зудің ғылыми негіздері, инклю­зив­ті білім беру жағдайында мұға­лім­­дерді жұмысқа дайындау мәсе­ле­лері қарастырылды. Қаралған мәсе­лелердің өзектілігі мен маңы­зын ескере отырып, семинарға қа­ты­­су­шылар тарапынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Педагогикалық қыз­меткерлердің біліктілігін арт­тыру институттарына және Қазақ­стан аймақтарының білім беру ұйымдарына ұсыныстар жасалды:

1) Инклюзивті білім беруді дамы­ту мүмкіндіктерін зерттеу, жоғары оқу орындарының табысты тәжі­рибесін, атап айтқанда, Е.Бөке­тов атындағы ҚарМУ педаго­гика­лық факультетінің Дефекто­ло­гия кафедрасының қызмет тәжірибесін ескере отырып, инклюзивті білім беруді іске асыруға педагог кадрларды даярлау мәселесін шешу бойынша: жоғары оқу орнының құрылымында инклюзивті білім беру­дің консультативтік-практи­ка­лық орталығы және «Инклюзивті үйірме» құрылды. Олар студенттер, докторанттар, жас ғалымдар үшін оқу-өндірістік және ғылыми-экс­пе­рименталдық алаң ретінде әрекет етеді;

2) Инклюзивті білім беру жағ­да­йын­да оқу процесін ұйымдастыру кезін­де қазіргі ғылыми тәсілдерге негізделу;

3) Мектепте ерекше білім беру қажеттігі бар балалар­ды сүйемелдеу пси­хологиялық қызметінің апроба­ция­ланған жұмыс алгоритмдерін қолдану;

4) Ерекше білім беру қажетті­лік­тері бар балаларды тәрбиелеуде және оқытуда заманауи техноло­гия­ларды қолдану;

5) Инклюзивті білім беруді іске асыруда мұғалімдер мен психо­лог­тар­ға әдістемелік көмек көрсету бо­йынша педагог қызмет­кер­­лер­дің біліктілігін арттыру инс­ти­тут­тарының «Өрлеу «БАҰО» АҚ фи­лиалы кафе­д­ра­­ларының ПОҚ кур­­саралық жұмыс жүйесін жетіл­ді­ру;

6) Семинар мақалалары мен ұсынымдарының жинағын шығару.

Іс-шара соңында Қазақ психо­ло­гиялық қоғамының мүшесі, пси­хо­лог-практик, психология ма­ман­дығы бойынша әлеуметтік ғы­лым­дар магистрі, Тұран университетінің докторанты Г.Құдайбергенова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбие­леу­дің заманауи технологиялары» тақырыбына арналған шеберлік сыныбын өткізді.

Республикалық online семи­нар­ға қатысушылар кері байланысқа шы­ғып, инклюзивті білім беру бойын­ша құнды мәліметтерді жи­нақ­­тауға мүмкіндік берген мазмұнды жиынға ризашылық­та­рын білдіріп, осындай іс-шара­лар­ жиі ұйымдастырылса деген тілек білдірді.