Көзіме бір көрінші 140 балл...

Газет мақаласы Айқын" газеті №97

Тартысқа толы 9 күн. Қолжетпеске айналған 140 балл. Жылаған оқушы, жұбатқан ата-ана. Иә, мектеп бітіруші кез келген түлектің арманы – жоғары балл алу. Тестілеудің дәл осы балдық жүйесі 2017 жылдан бастап өзгерген еді. Содан бері 3 жыл өтсе де, ең жоғары балды қанжығасына байлаған бір ғана түлек  Шиара Құдайбергенова болып тұр. Шиара Құдайбергенова бүгінде  Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 1-курсын тамамдады.

Көзіме бір көрінші 140 балл...

Мектеп қабырғасында 11 жыл жүріп жинаған білімнің сынға түсері де осы сәт. Тақымын қысқан ұстаз бен ата-ана тү­лектен артық қобалжымаса, кем түспейді. Бабы мен бағы қатар жанса құба-құп. Ал егер де сәт­сіздіктің қара шырмауына түсіп жатса, мойымаған абзал. Оқи­мын, ізденемін деген адамға әрқашан мүмкіндік табылады.

Биыл елімізде ҰБТ-ны бар­лығы 117 242 түлек тапсыруда. Тест базасы былтырғымен салыс­тырғанда 30 пайызға жаңарған. Тестілеудің алғашқы екі күні өтсе де, ең жоғары балды ешкім ие­ленбеді. Он алтыншы рет өткі­зіліп отырған сынақ 30 маусымға дейін жалғасады. Үмітсіз шайтан. 140 балдан үмітіміз үзілген жоқ. Іске сәт, жас түлек!

 

Көктем ҚАРҚЫН