Тағы бір түркістандық түлек 140 балл жинады

Тағы бір түркістандық түлектің ҰБТ-да бағы жанып, ең жоғарғы баллды жинады. Күні кеше ғана түлкібастық түлек 137 балл жинап жұртты тәнті етіп еді,  ал мына бозбала ең жоғарғы көрсеткіш 140 баллды бағындырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағы бір түркістандық түлек 140 балл жинады

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің түлегі,  «Алтын белгі» иегері  Жұбай Қасымжан Адилжанұлы ең жоғарғы көрсеткіш 140 балл  жинады.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысы бойынша 20-24 маусым аралығында жалпы саны – 13854 түлек ҰБТ тапсырды. Облыс бойынша 9 түлек 135-137 балл аралығында жинады.

Жалпы, облыс бойынша 2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 24 513 оқушы бітірді. Оның 16376-сы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.