Арман Шораев: Қостанайда неге 1 ғана қазақ мектебі бар, Архимед мырза?

«Қазақ күресі» федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер Арман Шораев өзінің Фейсбук әлеуметтік парақшасында Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовты сынға алды.

Арман Шораев: Қостанайда неге 1 ғана қазақ мектебі бар, Архимед мырза?

Желіде жарияланған видеоүндеуде 100 мың қазақ мекендейтін Қостанай қаласында таза қазақ тілді 1 мектеп қана бары айтылды. Оның өзі қираудың үстінде тұр екен. Арман Шораев Қостанай облысы әкіміне намысының жоқтығын бетіне басты. Видео соңында Қостанайда қазақ тілді бір емес бірнеше мектеп салу керектігін айтты.


Айта кетейік, түске дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында бұл мәселеге байланысты Білім министрі мен облыс әкіміне жаңа оқу жылына дейін мәселені шешуді тапсырды.