Ұстазды ұлықтау – парыз

Газет мақаласы "Айқын" газеті №116

Бүгінде білім берудің сапасын арттыруға жоғары талаптар қойылып отыр. Соның бірі – ағылшын тілін оқыту.

Ұстазды ұлықтау – парыз

Ағылшын тілі – әлемдегі ең көп тараған, қолданыс аясы кең тіл әрі Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зелан­дия, Австралия және тағы басқа ел­дердің ресми тілі болып сана­лады.

Жалпы орта білім беретін мек­теп­терде шет тілдерін оқыту – за­ман ағымына сай қажеттілік. Сон­дық­тан оқу орындарында оқу­шы­ларды сөй­леуге, оқуға және жазуға бейімдейді. Шет тілін меңгерген оқу­шылар өзіне қажет ақпаратты сол тілде ала алады.

Ағылшын тілін оқыту үшін оқу­шы­лар ауызша айтылған сөзді тыңдап, түсінуі тиіс. Ол еркін сөйлеуге дағдыландырады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну – өте күрделі психи­ка­лық әрекет. Түсіну, қабылдау, са­лыс­тыруға жүйелі жаттығу керек. Ағыл­шын тілін оқыту мұғалімдер­дің тек қана сабақ беру емес, оқу­шы­лардың тіл меңгеру артықшы­лы­ғымен жұмыс істеу деген сөз.

Бұрын оқушылар тек қана тың­даушы, орындаушы болса, бү­гін­­де өздігінен білім іздейтін жеке тұлға. Ал мұғалім – білім дәнін се­­бетін білікті маман. Өйткені олар оқушыға білімнің қасиетін ұғын­ды­ра­ды, жол көрсетеді. Сондықтан ұс­тазды ұмытпау һәм ұлықтау – па­рыз.

 

Жарқынай ҚОЙШЫҒҰЛОВА,
Б.Кейкиев атындағы орта мек­теп­тің ағылшын тілі пәнінің мұға­лімі,
Жамбыл облысы