Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім реформаларында педагогтың пікірі ескерілуі тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті әкімдіктердің мұғалімдерді түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысуына қатысты пікір білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім реформаларында педагогтың пікірі ескерілуі тиіс
Фото: otyrar.kz

Ақорданың Twitter-дегі парақшасында: «Жергілікті әкімдік ұстаздарды әкімшілік мақсаттарға, білім беру саласына еш қатысы жоқ түрлі шараларға жұмылдыра отырып өкілеттіктерін асыра пайдаланады», – деп жазды.

Президенттің пікірінше, білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір проблема – білім саласына енгізілетін жаңа реформалардың іске өндіріске енгізуде педагогтардың нақты қажеттіліктерін ескеру қажет.