Арманыңа қанат бітірген орда
Білім мен бақыт, бірлік пен достық ордасы болып саналатын қазақтың қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биыл 85 жылдық мерейтойын тойлауда.
ҰБТ–2019: Өтініш қабылдау аяқталды
Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі аяқталды.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз…
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін! Мағжан ақын осылай жырлап еді. Биыл – Жастар жылы. Жас ғалымдардың еңбегі еленіп, өнері бағаланып жатыр ма?
Онлайн университеттің ерекшелігі неде?
Еліміздегі білім жүйесі бұдан былай біртіндеп онлайн жүйеге көшуі мүмкін. Онлайн университеттер негізінің қалануы осының дәлелі. Бұл – әлемде кеңінен тараған тәжірибе. Біздің елімізде енді ғана тәй-тәй басып жатыр.
Студенттермен жүздесті
Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Амангелді Дәурен­баев және Бақтияр Мәкен Алма­тыдағы Қазақ ұлттық аграрлық универси­тетінің ұстаз-ғалымдарымен, жаста­ры­мен кездесті. Олар мемле­кеттік ауқымды бағдарламалар барысын түсіндіріп, жастардың заман талабына сай білім алуы, ғылыммен айналысуы жөнінде кеңінен әңгіме қозғап, әлеу­меттік мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Ұлттық кадр ұстаханасы
Талантты жастар, білімді ұрпақ  мемлекеттің басты капиталы екенін есте ұстауымыз керек. Халқымыздың сапалық құрамы өзгенің емес, осы елдің мүддесіне қызмет етуі керек емес пе? Бұл орайда, бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдар­ламалары бойынша білікті мамандарды Қазақ­станның жоғары оқу орын­дарынан өсіріп шы­ғу­ға талпынуымыз қажет.
Ана тілімізді ардақ тұтқан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұстаздық етіп келе жатқан  тілші ғалым, профессор Берікбай Сағындықұлының есімі қазақ еліне кеңінен танымал. Көненің көзі іспетті түркітанушы ғалымның қазақ тіл біліміне сіңірген еңбегі атап өтуге тұрарлық. Әрине, оны қазақ тіл білімінде еңбек етіп жүрген қалың көпшілік білмесе де, түркология саласында жүрген ғалымдар білері хақ. Бүгінде үстелге тапжылмай отыру деген қасиет жетіспейтіні белгілі, ал бұл кісілер бір шешуі қиын мәселені жазып шыққанша ештеңеге алаңдамай жазу үстелінде ұзақ отыруға үйренген. Ұстазым Берікбай Сағындықұлы – осындай қасиетке ие тұлғалардың бірі.
ҚазҰУ – Азия елдерінің ЖОО қатарында
Times Higher Education (THE) беделді әлемдік рейтингінің зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде Азия елдерінің 251-300 үздік университеттерінің қатарына енді.
Ұлы көштің жемісі
Бүгінгі «ат арқасында жүргендердің» барлығы дерлік қазақтың 1991 жылы басталған ұлы көшінің жемістері. Билік элитасында да, ауыл-аймақ билігінде де, ғылымда да, не керек өміріміздің барлық саласын­да ұлы көштің жемістері жүр. Солардың бірі біздің бүгінгі әңгімеміздің басты кейіпкері – Жанатбек Ішпекбаев. Бұл күндері Жәкең Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ститетінде тәрбие істері жөніндегі прорек­тор, саяси ғылымдар кандидаты, профессор.
Білім саласы жүйелі жүргізілуде
Білім беру жүйесін жаңғырту – бүгінгі заман талабы, адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі – білім беру мекемелерін оңтайландыру. Екіншісі – оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Ал үшіншісі – білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 12 13 14 15 16 Келесі