Арыс маңында жарылыстан әскери қызметші қаза тапты

Түркістан облысындағы Арыс қаласының жанында оқ-дәрілердің бір бөлігі жарылды. Әскери қызметкер қаза тапты,– деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Арыс маңында жарылыстан әскери қызметші қаза тапты
©Иллюстративное фото ©Турар Казангапов

«11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация жүргізілді. Нәтижесінде, топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А.С.Ақышев ауыр жарақат алды. Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен достарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады»,–делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, орын алған оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталуда. Арнайы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай полигонға жақын орналасқан қала тұрғындарына қауіп төндірмейді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізілуде.