Шымкенттегі атыс болған жердің видеосы желіге тарап кетті

Желіде Шымкенттегі атыс орнынан видео пайда болды, онда бір адам қайтыс болды, тағы төрт адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Instagram-дағы Shymkent online аккаунтына сілтеме жасап.

Шымкенттегі атыс болған жердің видеосы желіге тарап кетті
© фото дереккөзден

Видеода аула мен ғимараттың ішкі жағы түсірілген. Атыс Шымкент қаласы Арғынеков көшесіндегі кафелердің бірінде болған. Видеодағы көріністе тамақтану орнының еденінде екі адам жатыр. Сондай-ақ, кадрдан мекеменің терезелері сынғаны байқалады.

Кейін әлеуметтік желілерде күдіктінің суреті пайда болды. Суретте ер адам автомат тәрізді қару ұстап тұр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент полициясы күдіктілердің жеке тұлғалары анықталғанын, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Атыс кезінде бір адам қайтыс болып, бесеуі жарақат алған. Оның төртеуі Шымкенттегі қалалық клиникалық ауруханада. Тағы бір зардап шеккен адам Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілген. Прокуратура мен полиция департаментінің басшылығы қылмыстық тергеудің барысын ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.