Арқалық қаласында үш жасөспірімді өлтірген қылмыскер Бельгияда ұсталды

Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Бекет Аймағамбетов хабарлады. Департамент бастығы қоғамдық кеңес аясында 19 жыл іздеуде жүрген қылмыскерді ұстау туралы әңгімелеп берді. Оны Бельгия аумағында ұстаған.

Арқалық қаласында үш жасөспірімді өлтірген қылмыскер Бельгияда ұсталды

2000 жылдың 8 сәуірінде таңғы сағат 09.00-ге жуық Арқалық қаласы ПБ кезекші бөліміне 31 жастағы әйел хабарласып, 8 сәуірге қараған түні өзінің пәтерінде кәмелетке толмаған 11 жасар ұлының, 20 және 19 жастағы екі сіңілісінің мәйітін тапқанын айтқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен қарастырылған аса ауыр қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ, пәтерден 1 243 053 теңге және 2 500 АҚШ доллары көлемінде ақша ұрланған.

Дереу жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы аса ауыр қылмысты жасағаны үшін күдікті үш адам анықталды: Біреуі -18 жастағы қала тұрғыны 2000 жылдың 19 сәуірінде ұсталып, осы қылмысты жасағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 20 және 21 жастағы екі күдікті қылмыстан соң бой тасалап үлгерген. Екеуі де Арқалық қаласының тұрғыны. Бұрын сотталмаған.
Оларды мемлекетаралық және кейіннен халықаралық іздестіру жарияланды.

Бұдан әрі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде іздестірудегі күдіктілер Ингушетия Республикасына және Ресей Федерациясының Шешен Республикасына жіберу бойынша ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен.

Іздеуде жүрген 20 жасар күдікті РФ аумағында болған Ресей азаматының төлқұжатын басқа атпен заңсыз сатып алып, кейін Тверь облысында болған, жеке мәліметтерін өзгерткен. ЖІШ кешенін өткізу барысында Қостанай облысы ПД КПБ қызметкерлері 2016 жылдың мамыр айында Тверь облысының аумағына қызметтік іссапарға барып, Западная Двина қаласында күдіктіні қолға түсіріп, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал 2001 жылдан бері іздеуде жүрген 21 жастағы екінші күдікті РФ аумағында РФ азаматының төлқұжатын Шешен Республикасының атына заңсыз сатып алған.
Одан әрі ол 14.05.2005 жылы Самара облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасап, тағы да іздеу салынады, бұл жолы федералды іздеу жарияланған.

Қостанай облысы ПД КПБ қызметкерлері ЖІШ жүргізу барысында оның «босқын» мәртебесінің жалған құжаттарымен Бельгия аумағында жасырынып жүргенін анықтайды. Сондай-ақ, сол жақта туыстары болған.

15.10.2019 жылы облыстық КҚПД қызметкерлері ҚР ІІМ «Интерпол» ҰОБ қызметкерлерімен бірлесіп, дактилоскопиялық есепке алу бойынша тексеру нәтижесінде ұсталған. Қазіргі уақытта ол қамауда, экстрадициялау мәселесі шешілуде.