Жаңаөзенде кәріз құбырын жөндеп жатқан жұмысшы қаза болды (видео)

Lada.kz-тің жазуынша, жұмысшылар қаланың кәріз құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Жаңаөзенде кәріз құбырын жөндеп жатқан жұмысшы қаза болды (видео)
Фото: Интернеттен алынды

Қайғылы оқиға туралы видео ең бірінші әлеуметтік желіде жарияланған. Бейнероликтің авторы оқиғаның 8 қарашада болғанын айтады. Жөндеу жұмыстары кезінде 2 сантехник қаза тапқан. Қайғылы оқиғаның басты себебі салғырттықтан болған.

Анықталғандай, қаза тапқандар «Коммуналдық қызметтер» ЖШС-да жұмыс істеген.

Жедел жәрдем уақытылы келгенімен, жұмысшыларға медициналық көмек көрсете алмаған.