Оралда жедел жәрдем көлігі адам қағып кетті

15 қарашада сағат 8.25-те Көкшетау және Гастелло көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды «Менің қалам» порталы.  

Оралда жедел жәрдем көлігі адам қағып кетті

Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат 8.25-те болғанын хабарлады. Жедел жәрдем жүргізушісі Гастелло көшесімен келе жатып, Көкшетау көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті.

- Оқиға жолдың реттелмеген учаскесінде орын алды. Көлік арнайы тұраққа орналастырылды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барды, тергеу амалдары жүргізілуде,–деп хабарлады полиция.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, шақырту бойынша жүйткіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі жыпылықтаған шамдар мен сиренасын қосқан.

- Апат салдарынан 56 жастағы ер адам жарақат алды. Ол облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды,– деп хабарлады денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.