Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Халық жазушысы Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды
Фото: Б.Сағынтаевтың Twitter парақшасынан
"Халық жазушысы Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды.

Оның бай әрі өміршең шығармашылық мұрасы кеңінен ашылып, тереңірек зерттелуі керек. Халқымыздың сүйікті перзенттерінің есімдері мәңгі сақталып, ұлықталуы үшін барлығын жасаймыз", деп жазды Б.Сағынтаев.

Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза 2018 жылдың қазанында өмірден өтті.