Өскемендегі хоккей жаппай төбелеске ұласты

Өскемендік «Алтай» мен Новосібірден келген «Сибирские снайперы» құрамалара арасында өткен Жастараралық хоккей Лигасында жаппай төбелес болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Өскемендегі хоккей жаппай төбелеске ұласты
видеодан алынған кадр

Ойын Өскемен қаласында өтіп, 3:1 есебімен «Алтайдың» үлесіне шешілген.

Кездесудің соңғы минутында «Алтай» қарсыластарының бос қақпасына бір шайба кіргізген, салдарынан алаң ортасында екі құраманың ойыншысы жаға жыртысады. Ойынды жаңартқаннан кейін құрама алаңда жеті секунд өткізген.

Ойынның соңына қарай екі құраманың ойыншылары жаппай төбелес жасаған. Салдарынан өскемендік құрама 124 минут айыппұл алса, қонақтар 134 минут айыппұл алады.

Алайда 9 қазанда қос құрама қайта ойын көрсетеді.