Теміртауда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қарағанды-Теміртау трассасында болған жол апатынан төрт адам қаза тауып, біреуі емханаға түсті. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Теміртауда жол апатынан 4 адам қаза тапты
дереккөзден

Жол апаты 10 қазанда Теміртаудан төрт шақырым жерде болған. Ақпарат бойынша 30 жастағы BMW маркалы автокөлік тізгіндеген ер адам көлікті басқара алмай, арыққа ұшып кетеді. Апат салдарынан 21 жастағы бойжеткен оқиға орнында жан тапсырса, жүргізушінің өзі мен тағы екі жолаушы алған жарақаттарынан Теміртаудағы емханада қайтыс болды. Тағы бір 21 жастағы жігіт дәрігерлердің бақылауында.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының «Жол ережесін бұзу немесе көлік құралын басқару кезінде оны жүргізіп келе жатқан адамның көлікті басқара алмау салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза табуы» 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптамалық талдауы тағайындалды», - деп хабарлады полиция Департаменті.