Сұлтан Қамалетдинов Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болды
Сұлтан Қамалетдинов Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды.
Салтанат Байқошқарова: «Шыны түтікше арқылы дүниеге келген тұңғыш қазақстандық босанды» деген ақпарат жалған
Бірер күн бұрын БАҚ осыдан 24 жыл бұрын экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген тұңғыш қазақстандық ана атанғанын хабарлаған. Сонымен қатар, аталған ақпаратта дәрігер Людмила Бадельбаева сәбидің анасына да 1996 жылы ЭКО процедурасын Репродуктивті медицина институтында жасағанын айтты делінген. Алайда, бұл ақпарат негізсіз дейді мамандар. Әйгілі эмбриолог-репродуктолог Салтанат Байқошқарова Нұр-Сұлтан қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, әңгіменің анық-қанығын баяндады.
«Көп балалылар шаршаттыңдар, таксимен жүрмейсіңдер ме!»: Нұр-Сұлтанда автобустағы шу видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желілерде елордалық қоғамдық көлікте болған жанжалдың видеосы пайда болды. Аталған бейнеүзікті Caravan.kz. жариялады.                                    
Алматыда ірі жол апаты: екі адам қаза тапты
Алматыда 17 қазанға қараған түні Сейфуллин көшесі бойында (Бөгенбай батыр көшесі мен Төле би көшесі аралығында) ірі жол апаты болды. Бұл туралы СТВ телеарнасы хабарлайды.
10 миллион теңгенің ішігін Қазақстанға заңсыз алып кірмек болған
«Қорғас» кеден бекетінде қаракүзеннің терісінен тігілген ішіктердің үлкен партиясы ұсталды, - деп хабарлайды халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының баспасөз қызметі.
Шыны түтікше көмегімен дүниеге келген тұңғыш қазақстандық ана атанды
24 жыл бұрын экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген қазақстандық әйел ана атанды. Бұл туралы Репродуктивті медицина институты хабарлады.
Оқушының өлімі: Сырткиімі мен телефоны шұңқырдың жанынан табылған
Солтүстік Қазақстан облысының Булаево қаласында шұңқырдан жоғарғы сынып оқушысының мәйіті табылды.
Оңтүстік Кореядағы хал қалай?
Жақында Оңтүстік Кореядан суыт хабар жетті. 20 жас­тағы қазақстандық азамат 7 жасар баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Елге қайтар билет алып, Павлодарға келген. Сыртқы істер министрлігі азаматқа оқиғаның мәнін түсіндірген. Тиісінше, ол 14 қа­зан күні өз еркімен Сеулге оралды.
ҚР АШМ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.
Нұр-Сұлтанда бет-әлпеті арқылы жол ақысын төлеуге болады
Елордада арнайы камераға қарап, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуге мүмкіндік беретін жүйе жасақталды.