10 жылда сәби өлімі екі есе азайды
Нұр-Сұлтанда шала туған балалардың халықаралық күніне орай World Prematurity Day көрмесі өтіп жатыр. Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады.
Мақта бағасы мазалап тұр
Бүгінде Түркістан облы­сының ди­ха­ндары күзгі жиын-терімін аяқтап, алды сабан тойын тойлап жатыр. Де­генмен кейбіреулер үшін өнім жинау науқанының қарбаласы әлі де аяқталған жоқ. Әсіресе, кей­бір мақ­та­шыларға қыстың алдында өнім­дерін шығынға ұшыратпай, ырыздық не­сі­бе­лерін тезірек жинап алу басты мақсат болып тұр.
Балық сасыған базар
Қазір елді ет қымбатшы­лы­ғы меңдеген тұста балық саудасы қызып тұр. Білгенге ба­лық та ет. Балық еті құра­мын­да өте көп дәрумен мен микро­элементтер болған­дық­тан оның био­логиялық бағасы ірі қара мал мен қой етінен жоғары екен. Мәселен, балық етінің 100 грамында адам денсаулығы үшін өте қажет болған бір күндік – 0,2 миллиграмм йод болса, оның құрамында ақуыз, түрлі дә­ру­мендер, минералдар, темір, йод, магний, фосфор бар.
Қасиетті құмаршық
Атыраудағы «Ақ желкен» шы­ғармашылық орталығында «Қайта оралған құмаршық» ат­ты шара өтті. Оған қаладағы кө­некөз қариялар, қоғам қай­рат­керлері, құмаршық атты қа­сиет­ті өсімдіктің дәмін та­тып, оны қадір тұтқан азамат­тар қа­тысты. Олардың арасын­да Азғыр мен Нарын құмын қоныс еткен бабаларымыздың ұрпақтары да бар.
Бұрынғы вице-министрді қамату кімге тиімді?
Бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков бір жарым жылдан астам уақыт бұрын аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша күдіктеліп, ұсталған.
Ел ертеңі – жас сарбаз
Әскерилер адам психоло­гия­сын жете танып, сақ қи­мыл­дай білуі қажет. Осы мақсатта Қорғаныс министрлігінің офи­церлерімен кешенді ақпарат­тық-түсіндіру жұмыстарын жүр­гізді. Бұл жолы олар  Аягөз гар­низоны әскери бөлімінің бас­шылығына әдістемелік және тәжірибелік көмек көр­сетті.
Дыбыссыз қозғалатын қоғамдық көлік
Алматыда электрлі ав­то­бус­тар жолға шықты. Эко­ло­гия­­лық таза көлік қаладағы ұзын көшенің бірі Төле би даң­ғы­лының бойымен Ясауи-Шы­ғыс айналма жолы бағытында (қа­­шықтық 10 км) жүреді. Ин­но­вациялық электробус сало­ны жаңа технологиямен жаб­дық­­талған. Ұялы телефонды қай­­та зарядтауға арналған USB-коннекторлар орна­тыл­ған.
Медицина – тегін, дәрі – ақылы
Денсаулық сақтау сала­сын­дағы жүйесіздікті, әсіресе «басы ауырып, балтыры сыз­дайтындар» жақсы біледі. Бірі өзіне тиесілі тегін дәрі-дәр­мегін ала алмай жүрсе, енді бірі тегін УДЗ-ге түсуден кү­дерін үзген. Дәл сол емханада тегін ем алу үшін айлап кезек күткенімен, ақысын төлесе сол күні қаралып кетуге бола­тын құбылыс та оларға таңсық емес.
Қуаныш Оңалбаев: Халық жемқорлықпен күрес тәсілін білуі керек
Бүгінгі күннің ең өзекті мә­се­лесі – сыбайлас жемқор­лық­пен күресу. Бұл күресте халық маңызды рөл атқарады. Ол үшін әр адам құқықтық сауатын көтеріп, күрес тәсілін білуі тиіс. Сонда ғана өмір сапа­сын арттыра аламыз. Бұл орай­да, халықтың қаржылық сауа­тын арттыру үшін бірнеше қалада ше­берхана өткізген Zertteu Research Institute қо­ғам­дық қорының дирек­торы Қуа­ныш Оңалбаевты сөзге тарт­тық.  
Беттер: 1 2 3 4 5 ... 62 Келесі